"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Амжилт кибер мектебі": Алматыдағы нысан атауы әлеуметтік желіде дау туғызды

"Амжилт кибер мектебі": Алматыдағы нысан атауы әлеуметтік желіде дау туғызды
Фото: Талғат Жанысбайдың ФБ парақшасынан

Фейсбук әлеуметтік желісінің қолдаушысы Талғат Жанысбай сурет пен жазба жариялады. Онда Алматыдағы нысанның атауы көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазбадағы атау көзге оғаш көрініп, құлаққа түрпідей тиеді, дейді автор.

" Алматы қаласы Мәуленов 92 үй (Мәуленов пен Бөгенбай батыр қиылысы) орналасқан «Амжилт кибер мектебі» атауы көпшіліктің назарын аударды. Елімізде кез келген дүкендер мен мекемелердің атауын қоярда жауапты орындар сүзгіден өткізу керек деп ойлаймын. Әйтпесе кім көрінген өз білгенін істейді" дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

Талғат Жанысбайдың айтуынша, "Amjilt – бұл моңғол тілінен енген сөз, негізгі мағынасы: "жетістік", "табыс", "абырой", "сәтті нәтиже" дегенді білдіреді екен "Десе де кез келген елдің тілінде атау қоя беруге болмайды ғой..." дейді автор.

Ал жазбаға пікір білдірген желі қолданушылары қазақы ұғым сөз қолданысында бұл атаудың ұятты сөзге келетінін және жағымсыз мағына беретінін айтып жатыр.

Кейбір пікірлер мұндай атау қоюға заңмен тиым салынғанын, оны автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін алу кезінде ескертетінін еске салуда. 

Осы атау мен желі қолданушылары пікірлеріне қарасақ, Алматыдағы нысан атауларының берілуін бақылайтын жауапты органдардың жұмысындағы олқылық байқалатын сияқты...

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.