Amre сахналық атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының оныншы маусымының кезекті кезеңінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ән соңында тәлімгерлер үш қатысушының әрқайсына баға берді.
"Ернар бұл музыканы жақсы орындап шықты. Сізді тыңдау өте жағымды, рақмет", - деді Леонид Агутин.
"Бочелли туралы айтсам. Карьерасын енді ғана бастаған, әлі жетілмеген вокалистің нұсқасын тыңдау өте қиын. Ноталардың барлығына дерлік жақсы түстің. Бірақ бұл туындыда сіз Бочелли немесе Паваротти я басқа біреу болуыңыз керек, бірақ әзірге өте әдемі және дәл шырқадыңыз, бірақ студенттік акцент бар", - деді Александр Градский.
Нәтижесінде тәлімгер Дима Билан үштіктің арасынан қазақстандықты таңдады.
https://www.youtube.com/watch?v=5LYE4fE6J50