Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Алып тастадық": Оқу-ағарту министрі ұстаздар үшін маңызды жаңалықты жеткізді

"Алып тастадық": Оқу-ағарту министрі ұстаздар үшін маңызды жаңалықты жеткізді
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі ұстаздар үшін маңызды жаңалықты жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, педагогтардың кәсіби деңгейін бағалауға арналған пәндік тестілеу жүйесі енді қолданылмайтын болды.

Бұл шешімге қатысты ресми нұсқаулық өңірлік білім басқармаларына жолданған.

Министрдің айтуынша, аталған өзгеріс Президент тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Жұлдыз Сүлейменова бұл бастаманың мұғалімдерге деген сенім мен қолдаудың көрінісі екенін атап өтті.

"Кешелі бері "Педагогикалық біліктілік тестін тапсырмау" туралы жаңалықты талқылап жатсыздар. Мен ол жаңалыққа жазылған барлық пікірлерді уақытым бар кезде мейлінше зерделедім. Бірнеше сұрақтар бар. Сол сұрақтарға өзім жауап жолдаймын деп шештім.

1. Бұл уақытша тоқтату емес. Енді, кәдімгідей біздің педагогикалық қоғамдастықта жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыз пәндік біліктідік тестін тапсырмайды. Бұл тесті алып тастадық. Бірақ, бұл тестті кім тапсырады? Педагогикалық қоғамдастыққа, яғни педагогикалық мамандыққа ең алғаш қадам басып жатқан университет түлектері тапсырады. Өйткені, олар мамандыққа енді ғана келе жатыр. Олардың білім деңгейін білуіміз қажет. Сондықтан, университет түлектері педагогтің біліктілік тестін тапсырады. Осы жас маманда екі жылдан кейін педагог-модератор біліктілік деңгейіне қадам басқан кезде педагогикалық біліктілік тестін тапсырады. Қалған категорияға өздері аттестацияға тапсыратын бірде-бір ұстаз педагог біліктілік тестін тапсырады. Тесттің аттестацияға байланысы болмайды.

2. Бұған дейін шекті балл жинаған 51000 педагог бар. Олар портфолиосын жинап, шекті баллдан асқан сертификатымен өз кезеңі бойынша бүгінгі таңда көрсетіліп тұрған аттестациядағы кезеңдерді тапсырады. Қыркүйектен бастап өткендері қосымша үстеме ақыларын алатын болады.

3. Портфолио жинақтау енді электронды күйде болады. Жалпы, қағаз жинақтап, әркімнен қол жинар жүрмейсіз. Ustaz платформасын жаңартып жатырмыз. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін болады.

4. Авторлық бағдарламалар да тоқтатылады. Жазудың, ұсынудың қажеті жоқ", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер