"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды

Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді, 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қашықтықтан оқыту кезінде әр сабақтың ұзақтығы отыз минутқа созылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр қазір елімізде оқушыларды 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытуға дайындық жүріп жатқанын айтты. Абаев әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенгенін жеткізді.

"Министрлікте құрылған жобалық офистің ұсыныстарын ескере отырып, өз концепциямызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Қазіргі таңда оның 200-ге жуығы дайын", - деді Абаев онлайн-брифингте.

Ол бұл ресурстардың барлығы мұғалім мен оқушыға қосымша ақпарат болып саналатынын айтты. Негізгі қашықтан оқу процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.

"Сабақты өткізу ұзақтығы 30 минутты құрайды. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байлынысты "kundelik", "bilimal" мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық методикалық нұсқа дайын", - деді министр.

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады, балалар қашықтан оқытылады.

"Балапан" мен "Ел арна" телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына арналған сабақ өтеді.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген директорлар жазаланды


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан