KZNews.kz
Жаңалықтар

"Алтынайдың қыздарынан аумайды": Айгүл Иманбаева көпшілікке немересін көрсетті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әнші Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықов немересі Айсұлудың тұсаукесерін ерекше форматта, думанды түрде атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Салтанатты шарада Айгүл Иманбаева немересін көпшілікке алғаш рет таныстырып, қуанышты сәтімен бөлісті. Өнер иесі бұл күннің өзі үшін аса маңызды екенін айтып, әсерлі кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасына да жүктеді.

"Құрметті достар, бүгін немереміз Айсұлудың тұсаукесерін жасаймыз. Қазақ өнерінің біртуар тұлғаларының бірі кессе де жарасар еді. Бірақ біздің таңдау Жадыраға түсті", – деп жазды ол.

Айгүл Иманбаеваның қазіргі жары да шараға онлайн түрде қосылып, алыстан жүрекжарды тілегін жеткізді.

"Қашықтық – махаббатқа бөгет емес. Экранның ар жағынан айтылған ықылас та жүрекке жетеді", – деді ол.

Желі қолданушылары Айгүл мен бұрынғы күйеуі Сәбиттің сыйластыққа құрылған қарым-қатынасына ерекше назар аударды. Ажырасқандарына жиырма жылға жуықтаса да, ортақ қуанышта бір шаңырақ астында бас қосуы көпшіліктің көңілінен шықты.

Пікірлер легі де ерекше болды: "Айгүл нағыз ақылды әйел екен", "Айсұлу Алтынайдың қыздарына аумай қалыпты", "Қос енесі де келіпті, керемет", "Тамаша көрініс", "Өшпенділік сақтап жүретін әйелдерге үлгі".

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары