Әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызының ұзату тойынан жарияланған видеолар әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Желі қолданушылары әншіні қуанышты оқиғамен құттықтап, жас жұбайларға ақжарма тілектерін жолдады. Сонымен қатар, тойға қатысты түрлі пікірлер айтылып, көпшілік отбасы мүшелерінің қатысуына да назар аударды.
Пікір қалдырушылардың бірі Алтынай Жорабаеваның қазіргі жұбайы Әлішердің тойға қатыспау себебін түсіндіріп, оның туған бауырының қайтыс болғанына бір жыл толмағанын жазған. Сондай-ақ, ол тойдың ұйымдастырылуына Әлішердің қаржылай қолдау көрсеткенін де атап өткен.
Бұдан бөлек, Threads платформасында жарияланған пікірлерде қолданушылар әншінің қыздарының сырт келбеті туралы ой бөлісіп, отбасы мүшелерінің тойға қатысуына қатысты сауалдарын жолдаған. Кейбірі Алтынай Жорабаеваның қыздарын жалғыз өзі өсіріп, осы күнге жеткізген еңбегіне ризашылығын білдіріп, оған ізгі тілектерін арнады.