Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алтын жауған күн: Тамирлан Тілеулес Қазақстанға таеквондодан тұңғыш алтын әкелді

Алтын жауған күн: Тамирлан Тілеулес Қазақстанға таеквондодан тұңғыш алтын әкелді
Фото: 24.kz

Тамирлан Тілеулес Азия ойындарының чемпионы атанып қана қоймай, Қазақстан таеквондосының Азиададағы алғашқы алтынын жеңіп алды.

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында тарихи жетістікке жетті. Ол 58 келіге дейінгі салмақта топ жарып, Қазақстан тарихында таеквондодан Азия ойындарының алтын медалін алған алғашқы спортшы атанды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тілеулес үшін жарыстың шешуші күні сәтті өтті. Ол алдымен ширек финалда Иран өкілі Абольфазл Зандиагуримен кездесіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осы нәтиже арқылы қазақстандық спортшы кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Тамирлан Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикпен сынға түсті. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық таеквондошы 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Бұл жеңіс оның жүлдені алтынға айналдыруына мүмкіндік берді.

Ақтық сында Тілеулестің қарсыласы Филиппин спортшысы Курт Брайан Барбоса болды. Қазақстандық спортшы шешуші кездесуде де өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, екі раундтың қорытындысында қарсыласынан басым түсті. Бірінші раунд 16:14 есебімен аяқталса, екінші раундта Тілеулес 15:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде жекпе-жек 2:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Бұған дейін еліміздің таеквондошылары құрлық додасында жүлде алғанымен, алтын медаль иеленбеген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.