KZNews.kz
Қоғам

Алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті

Торғын Абушахман
Фото: azertag.az

Сауда деректеріне сәйкес, алтын мен күміс бағасы тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

29 қаңтар таңғы сағат 08:20-дағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның сәуір айына арналған фьючерсінің бағасы алдыңғымен салыстырғанда 4% немесе 212,4 долларға өсті. Ал бір трой унциясы 5 516 доллар болды. Сауда барысында алтын бағасы бір унция үшін 5 584,3 долларға дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты.

Айта кетейік, 28 қаңтарда алтынның биржалық құны тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 5,2 мың доллар межесінен асты. Осы уақытта күмістің бағасы да 4% қымбаттап, бір унциясы үшін 118,08 долларға жетті. Бірнеше күн бұрын бағалар 109,32 долларға өскен еді.

Қазақстан Ұлттық банкі дерегіне сәйкес, 28 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 грамм алтынның бағасы 82 164,45 теңге болды. Жыл басынан бері алтын бағасы 10 864,24 теңгеге өскен.

Айта кетейік, бұған дейін Алтын мен күміс бағасы рекордты деңгейде қымбаттағаны туралы жазған едік. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →