ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын айтты

Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын айтты

Актриса Альмира Тұрсын ұлты мен діни сенімі жайлы сауалға жауап берді. Ол бала кезінде христиан дінін қабылдағанын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Бұған дейін Тұрсын әкесінің кәріс ұлтынан екенін айтқан еді. Алайда актрисаның айтуынша, Юрий Николаевич оның туған емес, өгей әкесі. Бұл жолы Тұрсын өз ұлты жайлы сауалға жауап берді.

"Мен қазақпын. Тегімде татар мен еврейдің қаны бар", – деді ол.

Сондай-ақ Альмира Тұрсын қандай дінді ұстанатынын бөлісті.
"Анам екеуміз 20 жылдан бері христиан дініндеміз. Ол кезде әкем екеуі кездеспеген. Протестанттық бағыттағы христиан діні жүрегім мен жаныма жақын. Бұл – менің саналы жеке таңдауым", – деп ағынан жарылды ол.

Актриса ислам діні мен хиджабқа деген көзқарасы оң екенін, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтынын жеткізді.
"Барлық діни сенімдерге деген көзқарасым толерантты. Әр адамның таңдауын қабылдап, құрметтеймін. Сынамаймын, талқыламаймын! Өзім мен дүниетанымым үшін зерттеймін", – деп түсіндірді ол.
Автор
Еркебұлан