Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматының бас санитар дәрігері күшейтілген карантин мерзіміне қатысты сауалға жауап берді

Алматының бас санитар дәрігері күшейтілген карантин мерзіміне қатысты сауалға жауап берді

Ол қаңтардан бастап респираторлық аурудан және пневмониядан қайтыс болған адамдармен байланыста болғандарды тексеру жұмысы басталғанын да айтты

АЛМАТЫ, 9 cәуір – Sputnik. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова күшейтілген карантин 13 сәуірден соң аяқтала ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде елімізде республикалық штаб бар, қалалық штаб жұмыс істеп тұр. Карантиннің ұзартылуы, тоқтауын сол штаб шешеді", - деп қысқа қайырды Молдағасымова.

Сонымен қатар қаңтардан бастап респираторлық аурудан және пневмониядан қайтыс болған адамдармен байланыста болғандарды тексеру бойынша жұмыс басталғанын айтты. 

"Расында да, қайтыс болғандар жайлы анализ жүргізу басталды. Поликлиникалық қызмет олармен бірге тұрған адамдар мен туыстарын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді. Олар да коронавирусқа тексеруден өтуі мүмкін. Қайтыс болған кісілерге эксгумация жасалмайды. Көріп тұрғанымыздай, қаладағы науқастардың басым бөлігі шетелден келген, алайда біз жергілікті тұрғындар арасында да тексеру жұмыстарын жалғастыра береміз",- деді ол.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан