«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Білім басқармасы 2025-2026 оқу жылын қорытындылады. Өткен оқу жылында алматылық оқушылар қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми байқаулар мен чемпионаттарда 2,7 мыңнан астам марапат жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Басқарма дерегіне сәйкес, ғылыми, шығармашылық және білім беру бағытындағы түрлі іс-шараларға қатысқан оқушылар саны 160 мыңнан асты.

«Бұл оқу жылының қорытындысы Алматының білім беру жүйесі жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте көрсетті. Біздің басты мақсатымыз – әрбір дарынды оқушыға заманауи технологияға, ғылыми ортаға және халықаралық тәжірибеге жол ашу», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері.

Оқу жылы барысында Алматыда 5 254 оқушы қатысқан 37 қалалық іс-шара ұйымдастырылып, оның 2 420 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық деңгейде шаһардың намысын 375 оқушы қорғап, 232 марапат иеленді. Сонымен қатар Алматы құрамасы жаратылыстану-математикалық цикл бойынша республикалық олимпиадалар қорытындысында қатарынан 24 жыл бойы еліміздің үздік олимпиадалық командасы атанып келеді.

Халықаралық деңгейде де алматылық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемдегі айтулы тоғыз байқауға қатысқан 139 оқушы 99 медаль жеңіп алды.

Қала мектептерінде STEM бағыттарын, жасанды интеллектіні, инженерия мен робототехниканы дамытуға ерекше басымдық беріліп отыр.

Тунисте өткен I-FEST² 2026 халықаралық ғылыми байқауында Қазақстан құрамасы сапындағы алматылық оқушылар 14 медаль еншіледі. Оның ішінде алты алтын, алты күміс және екі қола медаль бар. Қытайда өткен 45-ші Бейжің ғылыми зерттеулер және техникалық инновациялар байқауында Алматы оқушылары екі алтын және бір күміс медаль иеленді.

Ал Литвада өткен European Mathematical Olympiad олимпиадасында алматылық оқушылар Қазақстан құрамасына бір алтын және екі күміс медаль сыйласа, ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Хьюстонда өткен FIRST Championship 2026 робототехника бойынша әлем чемпионатында Алматының «Alem Innovators», «KAP» және «SANA» командалары негізгі аталымдар бойынша жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар Иван Панфилов атындағы №54 мектеп-лицейі оқушылары АҚШ-та өтетін Regeneron ISEF 2026 халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғап жүр. Оқушыларды халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында жыл бойы Малайзиядағы Lincoln University және Әзірбайжандағы ADA University базасында оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

STEM бағыттарындағы жетістіктермен қатар, алматылық оқушылар гуманитарлық байқауларда да жоғары нәтиже көрсетті. Қала құрамасы республикалық «Ақберен» өнер байқауында бірінші орынды иеленіп, Түркістанда өткен «Ясауитану-2026» байқауында Бас жүлде мен бірнеше жүлделі орынға қол жеткізді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.