«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық кәсіпкер: "Әйелдер жұмыс істемеуі керек. Мен 17 әйелді жұмыстан шығардым" (видео)

Алматылық кәсіпкер: "Әйелдер жұмыс істемеуі керек. Мен 17 әйелді жұмыстан шығардым" (видео)

Алматылық бизнесмен Ақжол Талғатұлы желіде өзінің компаниясынан 17 әйелді жұмыстан босатқанын айтып, басқа жұмыс беруші ер адамдарды да солай етуге шақырды, - деп хабайларды Kznews.kz сайты Vestikavkaza.ru сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, компаниясында 22 адам жұмыс істеген, ал қазір бес қызметкер қалды. Олардың барлығы тек ер адамдар.

"Бұл әйелдерді шектеу ме, әлде олардың құқықтарын шектеу ме? Жоқ. Білесіз бе, менің ұстанымым – әйелдерге ақша табудың қажеті жоқ. Ер адамдар ғана ақша табуы керек. Әйелдер одан да жоғары тұрады", - дейді кәсіпкер.

Оның пікірінше, бұл бастаманы біреу қолға алуы керек еді. Ол жұмысқа тек ер адамдарды қабылдауға шақырады.
"Мен қыздарды жұмыстан босатқаным тарихта қалуы керек: жұмыс жасамаңыз, сонда сіз одан да жоғары боласыз", - дейді.

Желі қолданушылары автордың атына қолдау сөздері мен пікір қалдырады.

Бұл кемсітушілікке наразы және жұмыстан босатылған әйелдерге жаңа жұмыс табуға көмектесуге дайын адамдар да бар екен.

[video width="270" height="480" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2022/08/Wz17nzcCzy4.mp4"][/video]

Видео: https://youtu.be/Wz17nzcCzy4, фото: bel.biz

Автор
Айбар