KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыдан 374 шақырым жерде жер сілкінді

Нұрсұлтан

https://sputniknews.kz/images/908/60/9086011.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20191211/12260626/Almaty-zher-silkinisi.html

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасты. Магнитудасы – 4,2. Мегаполис аумағында жер асты дүмпулері сезілмеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 374 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

"11 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 07:13-те жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,2. Магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – бес километр", - деп жазылған сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сайтында.  

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 374 шақырым жерде орналасқан. Сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жер сілкінді

Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанға қараған түні Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер асты дүмпулері үш балға дейін жетті.


sputniknews.kz
Нұрсұлтан
Автордың басқа материалдары