KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыдағы сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар тарады

KZNEWS

Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін түстен кейін Алматы полиция департаментіне түскен. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай хабарламаларға қатысты шара аясында эвакуациялық-тексеру ұйымдастырылды, саперлер жұмылдырылады», - деп хабарлады полиция.

Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

(фото: forumalmaty.kz, ақпарат: 24.kz)

KZNEWS
Автордың басқа материалдары