"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы дауылдан ұшақ айналып кетті

Алматыдағы дауылдан ұшақ айналып кетті

Алматы әуежайында қатты желдің әсерінен ұшақ айналып кетті. Ақпаратты әуе компаниясы растады, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, Boeing 737 ұшағы тұрақта болған.

"Дөңгелектердің астында бекітілген техникалық талаптарға сай орнатылған тежегіш қалқандар болған. Қатты екпіндеген дауыл ұшақты 30 градусқа айналдырып жіберді. Бортта жолаушылар болған жоқ. Ешкімге зақым келмеді", - деп түсіндірді әуе компаниясы.

Ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі де растады.
"Алматы халықаралық әуежайы 2022 жылдың 29 наурызында қатты желдің салдарынан ұшақтың орнынан айналып кеткенін растайды. Зардап шеккендер  жоқ. Ұшақ пен техникаға зақым келген жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Автор
Еркебұлан