KZNews.kz
Қоғам

Алматыда жүк көлігі аялдамаға соғылып, жас қызды қағып кетті

Ayzhan Sylanova

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, ГАЗ маркалы автокөлік Шаляпин көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, жүргізуші басқаруды жоғалтып, аялдама павильонына соғылған. Осы сәтте аялдамада тұрған 2003 жылы туған бойжеткен көліктің соққысына түсіп қалған.

Жарақат алған қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің әрекетіне қатысты құқықтық баға тергеу нәтижесінде берілмек.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары