ка

Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті – видео

13.03.2019 22:07
0
2
Жұмысшылар ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жатқызылды
Алматыда ВАЗ-2170 автокөлігінің жүргізушісі шұңқыр жөндеумен айналысып жатқан екі жұмысшыны қағып кетті, салдарынан екеуі де жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Медеу ауданында Тәтібеков пен Станиславский көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылар бригадасы таңертеңнен бастап осы ауданда шұңқыр жөндеу жұмыстарын жүргізген, олар қауіпсіздік талаптарын сақтағаны белгілі болып отыр: жұмыс орнында ескерту белгілерін орнатқан.
  • Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кеттіАвтокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кеттіАвтокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті
  https://www.instagram.com/p/Bu8HFM0APcN/?utm_source=ig_embed
Күндізгі сағат екінің шамасында Тәтібеков көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан ВАЗ-2170 автокөлігінің жүргізушісі ескерту белгісін кеш байқап, уақытында тоқтай алмай, бар жылдамдықпен екі жұмысшыны қаққан. Екеуі де ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен хәл үстінде ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін автокөлік жүргізушісін ұстады. Көлік иесінің апат кезінде мас болған-болмағаны анықталады.
sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий