Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып кетті (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып кетті (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Алматыда жолда келе жатқан Hyundai Solaris көлігін озбақшы болған Mercedes Benz GLE аударылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Жазба авторының сөзінше, Mercedes Benz GLE жүргізушісі Hyundai Solaris-ті озбақ болған, алайда көлік тізгініне ие бола алмай қалып, аударылып кеткен. Аударылған темір тұлпар  сүйретіліп барып, бірнеше метрден кейін бір-ақ тоқтапты.  

Жол апаты салдарынан бес адам зардап шеккен: Mercedes-те болған жүргізуші мен үш жолаушы және Hyundai жолаушысы. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартыпты. 

"Қазір аталған жайт бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл жағдай Медеу ауданыны полицейлерінің бақылауында. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жапа шеккендер жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда. Жол ережесі бұзғандықтан осындай ауыр жол апаты орын алып отыр", - деді Алматы қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан