Халық жаппай көшеге шығып, не болғанын түсіне алмады. Тұрғындар ешқандай дүмпудің болмағанын, сезбегенін әлеуметтік желіде хабарлап жатты.
Алайда телефонға "Национальное оповещениеден" келген хабарламада қауіпсіз жерге паналау ескертілді.
Артынша Төтенше жағдайлар департаменті Алматыдан 9 шақырым жерде Астана уақытымен 16:25-те магнитудасы 3.8 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.