«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда желіні шулатқан полиция бастығы жұмысынан айырылды

Алматыда желіні шулатқан полиция бастығы жұмысынан айырылды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Желіде қол астындағыларға тіл тигізген полицейдің аудиожазбасы жарияланып кеткен болатын. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметі басшысының бұл әрекетіне қатысты шара қолданды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысын қызметінен босатты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"Желіде жарияланған аудиожазбаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша министрдің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Марат Күштібаев қызметінен босатылды",  - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілде айында ішкі істер вице-министрі отставкаға кеткен болатын. Бұған да желіде жарияланған "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик себеп болды. Ер адам қызметкерлерге тіл тигізген.

Видеоның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірі жұртқы тіл тигізген Махамбет Әбісатов екенін көрсетті.

Тағы оқыңыз: Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды

Әріптестеріне тіл тигізген ішкі істер вице-министрі жұмыстан кету туралы өтінішті өзі тапсырды.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан