Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне газ баллон шашып жіберген

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне газ баллон шашып жіберген

Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін газ баллонымен шабуыл жасаған адамды ұстады.

Жетісу аудандық ІІБ осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Күдікті ұсталды. Бригада жүргізушісінің айтуынша, оны белгісіз ер адам газ баллонымен жарақаттаған. Баллонда белгісіз химиялық зат болған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 11 желтоқсан күні Жетісу ауданында Винтер көшесінде болған. Ер адам жедел жәрдем жүргізушісінен көлігін жолдан алуды сұраған. Оған келіспеген жүргізушінің бетіне газ баллонын қаратып, шашып жіберген. Соның салдарынан жүргізуші 1-2 дәрежелеі химиялық күйік диагнозымен ауруханаға түсті.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Автор
Әлихан