Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда үш балдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда үш балдық жер сілкінісі сезілді

Қазақстандық сейсмологтар 24 ақпан күні сағат 04:58-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қытай аумағында 6,1 балдық жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар үш баллдық дүмпуді сезінді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейленбеуге кеңес береді.

Бұл афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,6 балл. Тереңдігі - 5 км.

Ведомство қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, байқалмайтын жер сілкінісі болатынын атап өтті. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим.

Автор
Нұрсұлтан