KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда ҰҚК академиясының курсанты жоғары қабаттан құлап, қаза тапты

KZNEWS

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты мерт болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм – 19 жас шамасында.

"Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары