Алматыда ұлттық гвардияның келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскері қызметтік қарумен өзіне оқ атып көз жұмды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы.
"Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15:15 шамасында 3650 (Алматы) әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, 2001 жылы туған Абылай Сабыров өзіне кезекші міндетін атқару кезінде тағайындалған "Макаров" тапаншасынан жарақат алғаны белглілі болды”, – делінген ақпаратта.
Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, қызметтік тергеу тағайындалды.
"Ұлттық ұланның жоғары қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.