ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда үйлену тойы өліммен аяқталды (видео)

Алматыда үйлену тойы өліммен аяқталды (видео)

Алматы облысында үйлену тойы кезінде төбелес шығып, жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ұйғыр ауданы Шарын ауылындағы үйлену тойында мас адамдар арасында төбелес басталған. Қақтығыс салдарынан 26 жастағы жігіт кеудесінен пышақ жарақатын алған күйде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан қайтыс болды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам төбелес болып жатқанын көріп, мас күйінде жанжалға араласқан. Жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұққан. Ол ісіне өкінетінін айтты.

«Оқиға орнында қылмыс қаруы табылып, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша жүргізіледі. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берілді», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Автор
Нұрсұлтан