KZNEWS.KZ
Аймақ

Алматыда Төле би мен Жұбанов көшелері ұзартылып жатыр

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: kznews

Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Төле би көшесі Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін ұзартылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы – 2,3 шақырым. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы орындалған.

Жаңа жолдың 1,9 шақырымына асфальт төселді. Жобаны толық аяқтау 2026 жылдың қараша айына жоспарланған.

Сонымен қатар Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен Алатау даңғылына дейін ұзарту жұмыстары жалғасуда. Бұл учаскенің ұзындығы – 1,2 шақырым.

Қазір нысанның дайындық деңгейі 68%-ды құрайды. Мұнда инженерлік желілерді қайта құру және жол конструкциясын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны 2027 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →