Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Төле би мен Жұбанов көшелері ұзартылып жатыр

Алматыда Төле би мен Жұбанов көшелері ұзартылып жатыр
Фотоиллюстрация: kznews

Алматының Наурызбай ауданында көлік инфрақұрылымын дамыту аясында Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі жобаның жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайды.

Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Төле би көшесі Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін ұзартылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы – 2,3 шақырым. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы орындалған.

Жаңа жолдың 1,9 шақырымына асфальт төселді. Жобаны толық аяқтау 2026 жылдың қараша айына жоспарланған.

Сонымен қатар Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен Алатау даңғылына дейін ұзарту жұмыстары жалғасуда. Бұл учаскенің ұзындығы – 1,2 шақырым.

Қазір нысанның дайындық деңгейі 68%-ды құрайды. Мұнда инженерлік желілерді қайта құру және жол конструкциясын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны 2027 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.