KZNEWS.KZ
Аймақ

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

• Асқар Алтайұлы
Фото: Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Халық Кеңесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Салтанатты рәсімге барлығы 1 500-ден астам адам жиналды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен жалғасты. Ту тұғырының биіктігі – 40 метр, ал тудың өлшемі – 7х14 метр.

Республика күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандардың қатарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосқан алматылықтар бар.

Сонымен қатар Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →