Ислам Чесноковтың жеңіс голы шотландықтарды тәнті етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда қызға тиіспек болған курьер 7 тәулікке қамалды

Алматыда қызға тиіспек болған курьер 7 тәулікке қамалды
Фото: Ашық дереккөзі

Алматыда гүл жеткізген курьерге қатысты іс сотта қаралып, ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жәбірленуші оны жыныстық сипаттағы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрағанымен, іс әкімшілік өндіріс аясында шешілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 14 ақпанда болған. Полиция департаменті мен Алматы қалалық сотының мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оның әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша саралап, 7 тәулікке қамау жазасын тағайындаған.

Жәбірленуші Дарьяның айтуынша, курьер шамамен сағат 20:40-та гүл жеткізген. Тапсырыс ауыр болғандықтан, ол гүл себетін дәліздегі еденге қойып беруін өтінген.

Қыздың сөзінше, курьер пәтерге кіріп, гүлді қойғаннан кейін халатынан ұстап, ашып жіберген де кеудесіне қол тигізген. Дарья қатты шошып, ер адамды қуып шыққанын және есікті әрең жапқанын айтқан.

Оқиғадан кейін ол курьерге хабарлама жазған. Ал жауап ретінде боқауыз сөз естіп, «қолыңнан түк келмейді» деген мазмұндағы сөз алғанын жеткізді.

Жәбірленуші бірден полиция шақырып, арыз жазған. Кейін курьердің InDrive сервисі арқылы жұмыс істегені анықталып, компания өкілдері оның аккаунты бұғатталғанын мәлімдеді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер