"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматыда қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, - деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсеткен. Бұл жолғы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

(Фото http://Inform.kz сайтынан алынды)

"Тапаншалар, оқ-дәрілер, полиция киімдері салынған пакет кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасына 100-ден астам оқ, Калашников автоматына - 107, аңшылық мылтықтан 16 оқ, екі оқ өтпейтін жилет, радиостанция, полиция формасы, камуфляж сөмке, сондай-ақ 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов
Автор
Еркебұлан