«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда полицейлер қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр  

Алматыда полицейлер қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр  

Полиция инспекторлары азаматтардың коронавируспенмен күрес жөніндегі жедел штабтың бірыңғай тізілімінде бар-жоғын анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Алматыда карантинді сақтау мақсатында полиция қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр.

Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсаты бар-жоғын планшет арқылы тексеріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап қала ішінде жүруге арналған құжаттар мен анықтамалардың күші жойылды. Қалада карантин кезінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала ішінде жүруге арналған рұқсат қағаз берілмейтін болды   

Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді.

"Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттіліксіз көшеге шығуға шектеу енгізілгенін ескертеміз", – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Ол Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптар түсіндірілетінін атап өтті. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан