Мәжіліс "Елбасы" орденін сақтап қалды: мемлекеттің наградалық саясатында не өзгерді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті: 10 адам ұсталды

Алматыда полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті: 10 адам ұсталды
Фото: видеодан алынды

Алматыда полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті. 10 адам ұсталды, олардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.

Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді. -

"21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді.

Мысалы, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады. "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі