Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК: Пара алған полицейлер ұсталды

ҰҚК: Пара алған полицейлер ұсталды
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен Қостанай облысы Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлесіп арнайы операция жүргізді.

Операция кезінде Рудный қалалық криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері ұсталды.Тергеу дерегі бойынша, олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігімен, яғни ірі мөлшерде, алдын ала сөз байласу арқылы пара алу бойынша күдікке ілінген.

- 17 наурызда Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Рудный қалалық криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады. Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.