“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ағасы інісін ұрып өлтірген: Алматыда ойын алаңында қайтыс болған бала туралы видео тарады

Ағасы інісін ұрып өлтірген: Алматыда ойын алаңында қайтыс болған бала туралы видео тарады

Кадрларда бірнеше жедел жәрдем бригадасы балалар алаңынан баланы зембілге салып, әкетіп бара жатқанын апаратынын көруге болады. Оқырманның мәліметінше, оқиға Алматыда болған – ағасы інісін таяқпен ұрып өлтірген.

Бұл туралы StopFake.kz сайты жазды.

[embed]https://stopfake.kz/wp-content/uploads/2020/12/WhatsApp-Video-2020-12-03-at-11.27.42.mp4[/embed]

Шын мәнінде, бұл кадрлардың Қазақстанға да, Алматыға да еш қатысы жоқ. Қайғылы оқиға осы жылдың 30 қарашасында Мәскеуде орын алған.

Екі бала ойын алаңында жүрген, кенеттен олардың бірі құлап, сол жерде қайтыс болады. Бір болжам бойынша, бір бала екіншісіне лақтырған таяқ оның маңдайына тиген. Бірақ ойын алаңында орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбалар бұл болжамды дәлелдеген жоқ.

Кадрларда баланың шайқалып, басын ұстап, құлағаны көрінеді. Оған ешкім ештеңе лақтырмаған.
Кейіннен дәрігерлер баланың бас миының қан тамырлары ауруынан қайтыс болғанын хабарлады.

Автор
Еркебұлан