KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген ер азаматтың видеосы тарады

KZNEWS

Әлеуметтік желіде Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген күдіктінің видеосы тарап жатыр.

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Кадрларда ер адамның күзетшіні қолымен, аяғымен аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті басына секіргенін байқауға болады. Мұнымен қоймай, оны көлгімен үш мәрте басып өткен.

Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысқан. Содан кейін 14-қабаттағы өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болыпты.

ақпарат, фото: Caravan.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары