Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 01:10 сағаттағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді", - делінген министрлік хабарламасында.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 32 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 81 науқас тіркелді.
Бұған дейін коронавирусқа қарсы иммунитет қандай жағдайда түзілетіні туралы сөз болды.
stan.kz
