Алматыда COVID-19-дан емделіп жатқан ең кішкентай 4 айлық науқас емханадан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.
6-7 мамырда Алматыда коронавирус инфекциясын қалпына келген тағы 72 науқас емханадан шығарылды. Олардың арасында 4 айлық сәби де бар.
"Ол ауруханаға 16 сәуірде анасымен бірге жатқызылған еді, өйткені олар вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болған. Жедел бронхит салдарынан сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды", - делінген хабарламада.
Бүгін қыз бен оның анасы сауығып, өздерін жақсы сезінгендіктен, олар ауруханадан шығарылды. 7 мамырда Алматыда ауруханадан шығарылған адамдардың жалпы саны - 299-ға жетті.
stan.kz