"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда көпбалалы отбасыдан шыққан үздік оқушыларға шәкіртақы беріледі

Алматыда көпбалалы отбасыдан шыққан үздік оқушыларға шәкіртақы беріледі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан үздік оқушыларға шәкіртақы берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


 

Қала басшысының сөзінше, мұндай бастама «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында іске асырылады.

«Тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін үздік оқушыларға шәкіртақы төленеді. Бұл білім алуға деген ынтасын арттырады. Университет пен колледж студенттеріне айына 10 мың теңге, мектеп оқушыларына 5 мың теңге төленеді. Айтпақшы, биыл еліміз бойынша бөлінген гранттардың 40% немесе 27 мыңы Алматыға тиесілі. Бұл жерде біз грантпен оқитындардың барлығына бөлінетін стипендияны сөз етудеміз. Әрине, бұл отбасы үшін қосымша табыс көзіне айналады», – дейді қала әкімі.

Айта кетсек, бүгін тұрғындармен кездесу өткізген Бауыржан Байбек қаладағы көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін бара алатынын мәлімдеді.

Автор
Жандос