KZNews.kz
Саясат

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Торғын Абушахман

Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өкілдерінің қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесубарысында қоғамдық талқылауға шығарылған Конституцияға енгізілетін түзетулер, сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік-құқықтық модельді қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, жүргізіліп жатқан реформаның елдің саяси жаңғыруындағы негізгі кезеңдердің бірі екенін және мемлекеттік құрылымның базалық қағидаттарын қамтитынын атап өтті. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту және мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру мәселелері сөз болды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ата заңдыталқылау барысында ашық әрі жауапты қоғамдық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Оныңайтуынша, реформалардың тұрақтылығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде қоғамның белсенді қатысуы шешуші рөл атқарады.

– Сындарлы сын шектелмеуі тиіс. Ашықталқылау мүмкіндігінің өзін қоғамдық құндылықретінде бағалауымыз қажет. Тек диалог арқылығана қоғам қабылдайтын әрі ұзақ мерзімде тиімдіжұмыс істейтін шешімдерге қол жеткізуге болады, – деді Ермұрат Бәпи.

Сондай-ақ ол реформалар кезеңінде қоғамдық келісімді сақтау және сезімтал тақырыптар төңірегінде алып сатарлыққа жол бермеуқажеттігіне назар аударды.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы сын-қатерлер жағдайындағы ұсынылып отырғанконституциялық өзгерістердің маңызына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасызетуге бағытталғанын айтты.

– Жаңа Конституция жобасында жаһандықсаясаттағы тұрақсыздық жағдайында елдіңтұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын сақтауғаарналған тетіктер қарастырылған, – деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған және қазіргі ішкі әрі сыртқы сын-қатерлерге жауапбереді.

Кездесу барысында Конституция преамбуласының мазмұнына ерекше назар аударылды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Үнзила Шапақ преамбула Атазаң мәтінінің тұтастай құндылықтық бағдарын айқындайтынын атап өтті.

– Конституция – мемлекет пен халықарасындағы қоғамдық келісімнің көрінісі. Преамбулада ұлт бірлігі, мемлекеттің унитарлықсипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастық нақты бекітілуі тиіс, – дедіҮнзила Шапақ.

Оның айтуынша, жаңартылған Ата заң Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін, сондай-ақ ұлттық мүдделер мен тарихи сабақтастықты ескеруі қажет.

Ұсынылып отырған өзгерістердің өзектілігінеқатысты пікірін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Совет Сейітов білдірді. Оныңсөзінше, Қазақстан саяси және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр, бұл өзкезегінде Ата заңды жаңартуды талап етеді. Сондай-ақ ол жастарды талқылау процесіне тартудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл – баршамыз өмір сүретін Конституция. Ең алдымен, жас ұрпақ үшін. Сондықтан бейжай қалмай, алдағы референдумда талқылау мен дауысберуге белсенді қатысу маңызды, – деді ол.

Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік және құқық қорғау аспектілері туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка баяндады. Оның айтуынша, қолданыстағы бірқатар нормалар қазіргі заман талаптарына сай жаңартуды қажет етеді.

– Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатыр: цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа әлеуметтік сын-қатерлер. Осы тұрғыда Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер дер кезінде қолға алынып отыр, – деді ол.

Оның пікірінше, ұсынылып отырған түзетулермемлекеттік жүйені неғұрлым икемді әрі бюрократиядан арылған етіп, билікті азаматтарға жақындата түсуі мүмкін. Ол ерекше қажеттіліктерібар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесінеайрықша тоқталды.

– Жоба аясында сайлау процесінде әйелдер мен мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздықквотаның сақталғаны мен үшін аса маңызды. Бұл – елдің әлеуметтік дамуына қатысу мен ықпал етудіңнақты тетігі, – деді Богдан Джепка.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустам Қайрыев конституциялық өзгерістердің әлемдік тәжірибеде қалыпты құбылыс екенін және оларды халыққа түсінікті тілде түсіндіру қажеттігінатап өтті.

– Азаматтардың ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін нақты түсінуі үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да қолжетімді форматтатүсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, – деп қосты ол.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердіқолдады. Сондай-ақ мұндай диалог алаңдары жүріп жатқан конституциялық реформа аясында сарапшылар мен қоғамдық қауымдастықтың пікірін ескеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →