KZNews.kz
Қоғам

Алматыда кондитерлер Тәуелсіздік күніне 100 келілік торт пісірді (ВИДЕО)

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының кондитерлері Тәуелсіздік күніне орай ерекше тәтті сый әзірледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Олар салмағы 100 келіге жуық алып торт жасап, мерекеге арналған креативті жобаны көпшілікке ұсынды.

Бұл туралы блогер Алмасбек Батыров әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, торт отандық «Qullynai» компаниясымен бірлесіп дайындалған. Ерекше десерт Қазақстан картасының пішініндежасалып, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін бейнелейді.

«Тәуелсіздік күніне арнап осындай үлкен торт әзірледік. Бұл – елімізге деген құрметіміздің белгісі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын», – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары бұл бастаманы жоғары бағалап, кондитерлердің еңбегіне алғыс білдірді. Көпшілік мұндай символдық әрі креативті идеялар мерекенің мәнін арттыратынын атап өтті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →