KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыда ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

• Айжан Сыланова
Фото: Depositphotos.com/LyazaTretyakova

Алматы қаласында жолтапатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай түнгі сағат шамамен 03:30-да Медеу ауданында, Әл-Фараби даңғылы бойында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr маркалы электромобиль батыс бағытта қозғалып келе жатып, Меңдікулов көшесімен қиылыста қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте ол Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →