Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жігіттің қалтасында жеке куәлігі болмаған, полиция марқұмның кім екенін анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Алматының "Қарасу" шағын ауданында Солтүстік шеңберге жетпей ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Қайғылы оқиға 24 маусымға қараған түні болыпты. Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Matiz Бұрындай көшесімен келе жатқанда, алдынан ер адам атып шығады.

  • Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кеспек болған.

    © Sputnik / Стрингер.

  • Жүргізуші жігітті көрмей, бар жылдамдықпен қағып кетті.

    © Sputnik / Стрингер.

1 / 2

© Sputnik / Стрингер.

Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кеспек болған.

Жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек ер адамды көрмей қалып, қатты жылдамдықпен қаққан.

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қалтасында жеке куәлігі болмаған, шамамен 32-35 жаста.

Полиция жол апатының мән-жайы мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан