ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ер адам қалжыңдасамын деп ажал құшты

Алматыда ер адам қалжыңдасамын деп ажал құшты

Алматы облысының екі тұрғыны ер адамды өлімші етіп соққыға жықты деген күдікке ілінді, жәбірленуші кейінірек ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлеріне Қарасай ауруханасының қызметкерлері хабарласқан, деп жазды «Мой город» порталы. Олар 36 жастағы ер адамның жансақтау бөлімінде көз жұмғанын жеткізген.

Полицейлер оны соққыға жыққан екі күдіктіні тәулік ішінде ұстады – Қарағанды ​​облысының тумалары өңірде көлік жуу орнында жұмыс істеген.

Олардың бірі бұрын тонау, екіншісі есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталған.

Ұсталғандардың айтуынша, олар ішімдік ішіп отырғанда мас жерлесі телефон соғып, қонаққа шақырған, такси ақысын өзім төлеймін деп уәде берген. Ал келген кезде қалжыңдағанын айтып, такси ақысын төлемеген.

«Осыған байланысты жанжал туындап, келген екеу жерлесін ұрып-соғып, бой тасалаған», - деді полицейлер.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктілерге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылады.
Автор
Нұрсұлтан