KZNews.kz
Қоғам

Алматыда ер адам автобуста егде жастағы жолаушыны соққыға жыққан

Айжан Сыланова

Куәгерлердің айтуынша, оқиға автобустың ішінде басталып, көлік тоқтаған соң сыртта да жалғасқан. Әзірге дау-жанжалдың нақты себебі белгісіз. Жолаушылардың бірі қарт адамның жасөспірім қызға қол көтергенін айтқанымен, бұл ақпарат ресми органдар тарапынан расталған жоқ.

Қалалық полиция департаменті жәбірленушіні анықтау және оқиғаның мән-жайын толық тексеру мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →