"320 мың теңге таппасаң... кедейсің": әлеуметтің табысы туралы түсінігі өзгерді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазақтарды жек көретінін айтып айқайлаған": Алматыда ер адам балаларға шабуыл жасады

"Қазақтарды жек көретінін айтып айқайлаған": Алматыда ер адам балаларға шабуыл жасады
Фото: Polisia.kz

Алматыда «Атакент» маңындағы саябақта таңертеңгі жаттығу кезінде ер адам балаларға шабуыл жасаған. , деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жөнінде зардап шеккен балалардың бірінің анасы Гаухар айтып берді. Айтуынша, оқиға 6 тамыз күні таңғы сағат 08:00 шамасында болған.

«Бүгін таңертең Алматыдағы "Атакент" маңындағы саябақта жаттығу жасап жүрген балаларға ересек ер адам шабуыл жасады. Ол қазақтарды жек көретінін айтып айқайлап, балаларды пышақтап өлтіретінін айтып қорқытты. Алдымен бір қызды ұрмақ болды, бірақ ол жалтарып үлгерді. Кейін менің 10 жастағы ұлымның көз тұсынан жұдырықпен ұрды. Баланың көзінің асты көгеріп қалды. Балалар қатты қорқып, қашып үлгерді», – деп жазды ол Threads әлеуметтік желісінде.

Әйелдің сөзінше, оқиға орнында Қорғаныс министрлігіне қарасты Бітімгерлік даярлық орталығының әскери қызметшілері болған. Олар бірден ер адамды қуып жетіп, ұстап, полиция шақырып, құқық қорғау органдарына тапсырған.

«Бүгін менің балам зардап шекті. Ертең оның орнында кез келген басқа бала болуы мүмкін. Балаларшвадың қашып үлгергені жақсы болған. Мұның соңы немен аяқталуы мүмкін екенін елестетудің өзі қорқынышты. Ол балаларды пышақтап өлтіретінін айтып қорқытты. Егер оның жанында шынымен пышақ болғанда, салдары өте қайғылы болуы мүмкін еді», – деді Гаухар.

Ата-аналар қатаң жаза қолдануды талап етуде

Гаухар полицияға арыз жазғанын айтты. Баланың дене жарақаттары тіркеліп, оқиға куәгерлерінен жауап алынған.

Оның айтуынша, күдікті бұрын сотталмаған, психиатриялық есепте тұрмайды және қолда бар ақпаратқа сәйкес, оқиға кезінде есі дұрыс болған.

«Ересек ер адамның қорғансыз балаға шабуыл жасағаны үшін заңда неге барынша қатаң жаза қарастырылмағанын түсінбеймін. Ересек адам баланың өзінен әлсіз екенін және оған тең дәрежеде қарсылық көрсете алмайтынын жақсы біледі. Балаға қол көтеру, оны пышақтап өлтіремін деп қорқыту – бұл жай ғана "дене жарақатын салу" емес. Мұндай адам айналасындағыларға нақты қауіп төндіреді», – дейді ол.

Зардап шеккен баланың анасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік даярлық орталығының әскери қызметшілері – подполковник Батыр Туяковқа, майор Медет Махметовке және капитан Данияр Баймулдинге ерекше алғыс білдірді. Оның айтуынша, дәл осы әскери қызметшілердің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдай болмаған.

Әзірге Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі