«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда бір топ пәтер ұрылары қолға түсті (фото)

Алматыда бір топ пәтер ұрылары қолға түсті (фото)

Алматыда арнайы операция кезінде бір топ пәтер ұрылары қолға түсті деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, бұл топта үш ер адам бар. Олардың барлығы Алматы тұрғындары емес. Пәтер ұрылары Алмалы ауданында қолға түскен.

"Қазіргі мәліметтер бойынша, күндізгі уақытта Алматының қақ ортасында орналасқан иесі жоқ пәтерге кірген олар алтын мен үлкен көлемдегі ақшаны үптеп кеткен", - дейді полиция.

Олар ізін суытып үлгермек болған. Алайда полицейлер пәтер ұрыларын Тұрғыт Озал мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында қолға түсірген.

"Олардың көлігін тексеру кезінде ұрланған заттар табылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының бастығы подполковник Есен Ысқақов

Айта кетейік, пәтер ұрыларының қазіргі уақытта үш қылмысы анықталған. Олардың жасы 32 мен 45 аралығында. Ұрылардың екеуі бұрын істі болған.

Автор
Әлихан