«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда бір науқас ауыр хәлде жатыр

Алматыда бір науқас ауыр хәлде жатыр

Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі Стамбұл – Алматы рейсімен, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы ауыр, ал төрт емделушінің жағдайы орташа, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бүгінге дейін қалада 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар", - делінген ақпаратта.    

Сонымен қатар бүгін Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 адам анықталды.

"Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбұл – Алматы рейсімен, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған. Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген ақпаратта.

Қазір қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, оның екеуі бала.  

Провизорлық орталықтарда 854 адам жатыр, ішінде 86 бала бар. Үй карантинінде 2037 адам жатыр.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған тағы бір науқас жазылып шықты

Айта кетейік, елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті. Бұған дейін он төрт адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.  

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал елорда мен Алматы карантинге жабылды.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан