Лана Заки Нусейбе БҰҰ Бас хатшысы бола ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда BE WOMAN 2026 халықаралық әйелдер форумы өтеді

Алматыда BE WOMAN 2026 халықаралық әйелдер форумы өтеді
Фото: instagram/bewoman.asia

Алматыда Республика сарайында BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы өтеді. Биыл форумға 25 елден технология, кәсіпкерлік, ғылым және қоғамдық сала өкілдері қатысады. Негізгі тақырыптардың бірі – жасанды интеллект дәуіріндегі жауапкершілік және технологиялық шешімдердің қоғам болашағына ықпалы.

Биылғы форумның тақырыбы – «Этика күші», деп хабарлайды kznews.kz.

Ұйымдастырушылар жасанды интеллект адам өміріндегі маңызды шешімдерге барған сайын көбірек ықпал етіп жатқанын атап өтеді. Осыған байланысты форумда «қабылданған шешім мен оның салдары үшін жауапкершілік кімге жүктеледі?» деген мәселе кеңінен талқыланбақ.

BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық спикерлерінің қатарында Facebook Live жобасын жасаушылардың бірі Рэнди Цукерберг, Mosaic браузерін әзірлеуге қатысқан кәсіпкер және технология саласының көшбасшысы Пинг Фу, екі дүркін «Оскар» иегері, режиссер Шармин Обейд-Чиной бар.

Сондай-ақ форумға супермодель, филантроп, Naked Heart Foundation қорының негізін қалаушы, UNFPA ізгі ниет елшісі, инвестор әрі Special Olympics халықаралық кеңесінің мүшесі Наталья Водянова қатысады.

Спикерлер қатарында британдық парфюмер, Jo Loves брендінің негізін қалаушы Джо Малон CBE, жасанды интеллект саясаты мен оны реттеу саласындағы халықаралық сарапшы Тити Акинсанми, Women in Tech Global негізін қалаушы Аюми Мур Аоки және G20 EMPOWER бастамасының Франциядағы өкілі Кьяра Коразза да бар.

Қазақстандық спикерлер қатарында Ұлттық ғылым академиясының академигі, онкология саласының сарапшысы Диляра Қайдарова, қоғам қайраткері Ләззат Қалтаева, Ferragamo сән үйінің аға дизайнері Абзал Исабеков, Гарвард университетінің түлегі, EdTech платформасының негізін қалаушы Әсел Амангелді бар.

Сонымен бірге форумға Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері қатысады.

BE WOMAN ASIA 2026 алаңында жасанды интеллект, технология, кәсіпкерлік, көшбасшылық, білім, денсаулық, мәдениет және инклюзия мәселелері сөз болады.

Форумның негізгі бағдарламасы 15 қазанда Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Ал 16 қазанда бағдарлама уоркшоптар, менторлармен кездесулер және дөңгелек үстелдер форматында жалғасады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.