«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда базар жабылады

Алматыда базар жабылады

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

https://sputniknews.kz/images/1233/62/12336270.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200122/12604028/Almaty-bazar-zhabylu.html

Алматыдағы Никольский базары сәуірге дейін ғана жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифингте белгілі болды

АЛМАТЫ, 22 қаңтар — Sputnik. Алматыдағы көне базардардың бірі - Никольский базарының орнына тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыдағы брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті.

Оның айтуынша, базарда өз тауарларын 170 адам сатқан. Олар базар қызметінің тоқтайтыны жайлы алдын ала ескертілді.

"Кейбір сатушыға Алмалы ауданындағы басқа базарлар, мысалы "Жулдыз" және "Барыс-4" базарларынан орындар ұсынылды. Никольский базары сәуір айына дейін жұмыс істейді", - деп атап өтті Оразалин.

Маманның мәліметінше, Никольский базарының иелері аумақтың нысаналы мақсатын өзгертіп, жер комитетіне құрылыс жоспарын ұсынған.

"Бұл үшін оларда үш жыл уақыт бар", - деді басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда Шарын базарында өрт шықты


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан