Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы шоу-мюзикл кешін өткізді. Екі сағатқа созылған шығармашылық кеш продюсердің өнері мен жеке өмір жолынан сыр шертті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шоу-мюзиклда продюсердің өмірі кезең-кезеңімен қойылған. Шоу 1993 жылы түсірілген "Махаббат бекеті" фильмінен басталады.

Содан кейін продюсердің журналистикаға қадам басқан дәуірі көрсетіледі. Ол қыз-келіншектерге арналған түрлі бағдарламаның жүргізушісі болған.

Кейін "КешYou" тобының құрылу тарихы сипатталады. Одан соң алғашқы түсірілген фильмдері, "Қазақ аруы" байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен таныстығы, "Бақыт" фильмі көрсетілген.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған Ерке Есмахан, Жанар Дугалова да мюзиклде төбе көрсетті. “Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова да бар. Ол “3 минуттық әнімді 2 жіпке ілініп тұрып айттым” деп жазды.

“Босанғаннан кейін сахнаға шығып тұрмын. Қатты қобалжыдым. Қолдауларыңыз керек”, – деді Ерке Есмахан. Ал Балжан Бидаш “Сахнадан түсіп, көріп отырған жоқпыз. Не болып жатқанын білмейміз. Әртістер жаққа үлкен теледидар қойды. Содан тамашалап отырмыз” – деді әнші.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы шоу-концерті туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырғанын жазған едік.